Атырау облысының энергетикалық кешені баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, электр 24 қаңтарда сағат 22:14-те сөнген.
«Маңғыстау атом энергетикалық комбинатындағы №1 энергоблоктың авариялық сөндірілуіне байланысты Атырау жылу-электр орталығынан электр тасымалдайтын 35 кВ желі ажыратылды. Соның салдарынан Атырау қаласындағы Балықшы, Сельстрой, СМП-136, Химпоселок, Сауда базасы, Тұрғын үй қалашығы шағын аудандары мен С.Датов көшесінде жарық болмады. Электр энергиясы Махамбет ауданында, Индер ауданының Өрлік ауылы мен Қызылқоға ауданындағы Миялы ауылында да сөнді», -деп хабарлады энергетикалық кешеннің баспасөз қызметі.
Жергілікті уақытпен сағат 22:30-да барлық аумақтарға электр кернеуі толығымен іске қосылған.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау маңындағы бірнеше елді мекен жарықсыз қалғанын хабарлаған болатынбыз.