«Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ертең, 8 қазанда магистральды су құбырында апатты қалпына келтіру жұмысы жүргізіледі.
«Бұл жұмыс «Атырау-Мақат» магистральды су құбырының Д-630 мм желісінде атқарылады. Осыған байланысты 2024 жылғы 8 қазан күні сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін кейбір аумақтар бойынша тұрғын үйлер мен нысандарға су беру тоқтатылады», кәсіпорынның баспасөз қызметі.
Күні бойы сусыз отыратындардың қатарында Береке (бұрынғы Контейнерный) шағын ауданындағы 5 және 9 қабатты, сондай-ақ, жеке сектордағы тұрғын үйлер бар. Мұнайшы, Ардагер, Көктем, Жұлдыз-1, Жұлдыз-2, Жұлдыз-3, Көктем шағын аудандары мен Томарлы, Томарлы-2, Ақсай, Ақсай-2, Ақжар, Ақжар-2, Бірлік, Бірлік-2, Геолог, Талқайраң, Талқайраң-2, Бесікті, Аспа және Новокирпичный секілді ауылдарға, Гурьевснаб маңындағы тұрғын үйлерге су берілмейді.
Сондай-ақ, Қарабатандағы өндірістік базалар, разъезддер мен «KPI» ЖШС-нің кешеніне берілетін су тоқтатылады.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының жылу беру маусымына дайындығы 97 пайызға орындалғанын жазған болатынбыз.