Атырау облысының жылу беру маусымына дайындығы – 97 пайыз

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысында жылу беру маусымына дайындық жұмыстары 97 пайызға орындалған.

отопление
Фото: pixabay

Атырау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Жантас Оспанның айтуынша, қазір 407 білім беру мекемесі, 154 денсаулық сақтау нысаны, көпқабатты 1741 тұрғын үй жылыту маусымына дайын тұр. 

«Биыл 27,5 шақырым жылу желісінің 25,9 шақырымы күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар, 6,4 шақырым су және кәріз желілері қайта жаңартылды. Ал, «Атырау Жарық» АҚ биыл 742 шақырым электр желісіне, 14 қосалқы, 76 трансформаторлық, тарату стансаларына, жоғары вольттік 50 трансформаторға жөндеу жұмыстарын жүргізді», - дейді Жантас Оспанов.

Оның дерегіне сүйенсек, «Атырау Жылу-Электр Орталығы» АҚ 4 жылу агрегатына, 2 турбоагрегатқа күрделі жөндеу жұмыстарын жоспарлаған. Қазір 4 жылу агрегаттың және 1 турбоагрегатты жөндеу толық аяқталған. Ал, турбоагрегатты жөндеу 43%-ға орындалған. 

Атырау қаласындағы Тұлпар-1, Тұлпар-2 тұрғын үй кешендерінің жылу бекеттері жылу беру маусымына дайындал. Шаһардағы 10 жылу беру стансасы жаңартылылып жатыр. 

Аталған тұрғын үй кешендерінің жылу бекеттеріне жаңадан 3 жылу қазандығы, 2 жылу алмастырғыш, 7 жылу айналдырғыш орнатылды. Енді бірнеше көшедегі осындай бекеттердегі құрылғылар жаңарту көзделген. 

Еске сала кетелік, бұған дейін Ақтөбе облысы жылыту маусымына 98% дайын екені хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар