Зауыт басшылығына мемлекетке аса ірі көлемде залал келтіру түріндегі ауыр зардапқа әкеп соққан лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша іс қозғалған.
«ҚР ҚПК 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жарияланбайды» дейді агенттіктен.
Еске сала кетейік, бұған дейін «ҚазМұнайГаз» комиссиясы Атырау мұнайын өңдеу зауытын тексеруді бастағанын жазған болатынбыз.
Кейіннен Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры мен бас инженері қызметінен босатылды.