Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

АТЫРАУ. KAZINFORM - Атырау облысы әкімінің орынбасары болған Жасұлан Бисембиев қызметінен кетті. Ол бұл лауазымда 4 жылдан аса жұмыс істеді.

Ж.Бисембиевтің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Жасұлан Бисембиев 2022 жылдың тамызынан бастап аймақ басшысының орынбасары болып еңбек етті. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында басқа қызметке ауысатынын мәлімдеп, әлеуметтік саладан бастап, экономика, бюджет және өзге де бағытта істелген жұмыс туралы айтты.

- Мемлекеттік қызметтегі басты көрсеткіш — игерілген қаражат немесе есептегі сандар емес, қабылданған шешімдердің тұрғындар өміріне тигізетін нақты әсері. Әрине, бәрін жасап үлгердік деп айта алмаймын. Шешімін күтіп тұрған мәселелер де, аяқталмаған жұмыстар да бар. Бірақ әр шешімде туған өлкеміздің және оның тұрғындарының мүддесін бірінші орынға қоюға тырыстық. Осы жылдары тұрғындармен ашық диалог орнатуға ерекше мән бердік,-деді ол.

Бұған дейін Атырау қаласының әкімі болып «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басшысы Данияр Таханов тағайындалғанын жазған едік.