Атырау облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
00:25, 25 Желтоқсан 2025
АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Атырау облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
— 2025 жылғы 25 желтоқсан сағат 00:30-дан бастап Атырау облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы» автожолының 690-834 шақырым аралығында (Аққыстау ауылынан Құрманғазы ауылына дейін) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу қойылады, - делінген хабарламада.
Жолды 2025 жылғы 25 желтоқсан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
Бұған дейін еліміздің екі облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын жазған едік.
Қазақстанның 15 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.