«Қазір 2,8 млн текше метр су шығарылды. Өткен тәулікте электр энергиясына 56 тұрғын үй мен 4 кәсіпкерлік нысаны қосылды. Сонымен қатар, газ жүйесіне 92 үй қайта қосылды», - деді Р. Жұманғазин Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, су тасқыны кезінде қырылған малға қатысты өтемақы төлеуге өтінім қабылдау жалғасып жатыр. 24-28 сәуір аралығында тұрғындар мен шаруа қожалықтарынан 74 өтініш келіп түскен.
«29 сәуірдегі жағдай бойынша 3 878 өтініш түсіп, 3 600 отбасы біржолғы материалдық көмек алды. Мұнымен қоса, жергілікті атқару органдары несиесін шегеруге қатысты тұрғындарды тіркеп жатыр. Қазір 2 395 мың адам тізімге енді, яғни бұл адамдардың тізімі банктерге жолданады. Ал келген шығынды бағалау жөніндегі комиссия жұмысына тоқталсақ, 2 692 өтініш келіп түсті. Бұл тұрғыда 600-ден астам үйге техникалық бағалау жүзеге асырылды», - деді баспасөз хатшысы.
Сонымен қатар ол Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі күн сайын көтеріліп жатқанын айтты.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Атырау облысында 41 елді мекенде тасқын суға қарсы бөгет тұрғызылды.