Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы 1 қыркүйекте облыс халқының саны 718,3 мың адамды құрады. Оның 394,5 мыңы қалада, 323,8 мыңы ауылда тұрады.
Биылғы сегіз айда облыста 2305 адам қайтыс болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3%-ға аз.
Осы кезеңде дүниеге келгендер мен қайтыс болғандар санының айырмасы бойынша халықтың табиғи өсімі 5784 адамды құрады. Былтыр осы уақытта бұл көрсеткіш 6788 адам болған, яғни табиғи өсім 1004 адамға азайды.
Көші-қон бойынша биылғы қаңтар-тамыз айларында Атырау облысынан көшіп кеткендер саны көшіп келгендерден 3544 адамға көп болды. Ал Атырау қаласына қарасты аумақта көшіп келгендер саны көшіп кеткендерден 1008 адамға артық.
Бұған дейін бала тууға байланысты жәрдемақының мөлшері мен алу тәртібі туралы жазған едік.