2023 жылғы 21 тамызда «Атырау - Астрахань» тас жолында көлік жүргізуші жол-көлік оқиғасына жол беріп, салдарынан үш адам қаза тауып, тағы бірнеше адам әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алған болатын.
Тергеп-тексеру амалдары аяқталғаннан кейін, бұл іс 2024 жылы негізінен қарау үшін сотқа жолданды. Алайда сот шешімі жоғары тұрған инстанциялармен бірнеше рет қайта қаралып, күші жойылғандықтан, ұзақ уақыт бойы кінәлі тұлғаның жазалануын қамтамасыз ету мүмкін болмады.
Жаңадан қарау қорытындысы бойынша 2026 жылғы 23 ақпанда мемлекеттік айыптаушылар әділ сот шешіміне қол жеткізді.
Сот үкімімен жүргізуші ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
2026 жылғы 4 маусымда Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы айыптау үкімін өзгеріссіз қалдырды.
Бұл мысал қылмыстық құқық бұзушылықтар, соның ішінде ауыр зардаптарға әкеп соққан Жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзу жағдайлары үшін жазаның бұлтартпастығын айғақтайды.
Осы жылдың бес айында соттармен 28 қылмыстық іс қаралып, олардың нәтижесі бойынша 18 тұлға нақты бас бостандығынан айыру жазасынасотталды.
Прокуратура жол жүрісінің барлық қатысушыларын жолдарда барынша мұқият әрі жауапты болуға, жол жүрісі қағидаларының талаптарын мүлтіксіз сақтауға және бір қателіктің бағасы адам өмірін қиюы мүмкін екенін есте сақтауға шақырды.
Айта кетейік, 14 шілдеде Атырау облысында бір отбасының мүшелерін аса қатыгездікпен өлтірген азаматқа өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.