«Облыс әкімі нөпір суды елді мекендерден қауіпсіз өткізу туралы тапсырма берді. Осылайша республикалық маңызы бар Атырау-Орал тас жолынан (72 км) су өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл бағытта қатынайтын ауыр жүк көліктерінің қозғалысы тоқтатылады. Жеңіл автокөліктер облыстық маңызы бар Атырау-Индер тас жолы бойымен жүреді», — делінген хабарламада.
Өңір басшысы Серік Шәпкенов жұмыстармен танысқан соң аудан әкіміне бөгет бойындағы кезекшілікті күшейтіп, қажетті техникалармен, жанар-жағармаймен және азық-түлікпен қамтуды тапсырды.
Махамбет ауданында тасқынның алдын алу үшін салынған бөгеттерінің ұзындығы — 105,8 км.