Оның айтуынша, мопедті тіркеу маусымының басталуын күткісі келмеген. Бүгін ол көлік құралы ретінде тіркеуден өткізген мопедіне мемлекеттік нөмір алды.
Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 2025 жылғы 5 сәуірде көлікті тіркеу қағидалары мен Жол қозғалысы туралы заңдағы түзетулер күшіне енеді.
– Сол күннен бастап 50 текше метрлік мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестіріледі. Енді осындай көлікті айдау үшін жүргізушіге А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі, ал мопедте мемлекеттік нөмір мен сақтандыру болғаны жөн. Мопедті техникалық тексеруден өткізу қажет. Шағын кубаторлық мототехниканы тіркету үшін иелеріне бірқатар құжатты ұсынуы керек. Бұл – жеке куәлік немесе оның сандық баламасы, көліктің техникалық құжаты, мопедтің сипаттамасы туралы ақпарат, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, былтыр Атырауда мопед жүргізушілерінің кесірінен 6 адам мерт болып, 70-і жарақат алғанын хабарлаған едік.