Жедел іс-шараны Атырау облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
— Аталған дерек бойынша өзінде бұл аурудың бар екенін біле тұра, басқа адамға АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қасақана қауіп төндіру — ауыр қылмыс. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мұндай әрекеттер үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, — деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, жәбірленушілер анықталып жатыр.
Осыған дейін Алматыда полиция мефедронның заңсыз айналымын тоқтатқанын жазған едік.