Атырауда аптап ыстық, Семейде үсік: 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

АСТАНА. KAZINFORM — 16 мамырда Қазақстанның бірқатар өңірінің тұрғындарына ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың шығысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан және шығыстан жел соғады. Облыстың оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың шығысында 1 градусқа дейін үсік күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында да жоғары өрт қаупі бар.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың шығысында, солтүстігінде және таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде таулы аудандарда 1 градусқа дейін үсік болады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысында күндіз батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады, жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысында түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында 3 градусқа дейін үсік болады. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Семей қаласында түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскемен қаласында түнде 1-3 градус үсік болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың шығысында 23 м/с дейін жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі, ал солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында кей уақыттарда шаңды дауыл болады. Жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысында түнде солтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр және найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Орал қаласында түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыс және шығыс бағыттан соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай болады. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.

Атырау облысында таңертең және күндіз батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады. Күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында және шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз аптап ыстық 36 градусқа дейін жетеді. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.

Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с болады. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында күндіз шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Батыстан және солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Петропавл қаласында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысында күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с дейін жетеді. Облыстың батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістан қалаларында жел екпіні 15-20 м/с шамасында болады.

Ақмола облысында түнде шығысында топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, ал солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтқан еді.