АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда әскери бөлімнен қару алып шыққан сарбаз қамауға алынды. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ұсталған сарбаз уақытша ұстау изоляторына қамалған.
«Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасы әскери бөлімнен қару алып шыққан мерзімді қызметтегі сарбазға қатысты қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда сарбаз әскери бөлімнен қару алып шыққаны хабарланған болатын.
Жолдасбек Шөпеғұл
1993 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде тілші болып бастаған. 2020 жылғы ақпаннан бері «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінде Атырау облысындағы тілшісі болып жұмыс істейді.