Бұған қыркүйек айынан бері Атыраудағы ауа сапасының нашарлауы себеп болып отыр.
Осыған дейін өңірдің бас экологы ауа құрамындағы кейбір ароматты көмірсутектердің мөлшері түнгі уақытта рұқсат етілген шектен 10-15 есеге дейін артуын Атырау мұнай өңдеу зауытымен байланыстырған еді.
— Тексеру іс-шараларын аяқтау нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес инспекторлық ден қою шаралары қабылданады. Жағдай министрліктің бақылауында. Жүргізілген жұмыстың нәтижесі туралы қосымша хабарланады, - деп хабарлады департамент.
Әзірге тексерістің қанша күнге созылатыны белгісіз. Бұл мәселеге қатысты Құрылтай депутаты Арман Хайруллин пікір білдіріп, мәселені шешу үшін бірнеше ұсыныс айтқан еді.