Атырауда бүгін жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

АСТАНА.KAZINFORM – Бүгін Атырау қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Фото: Kazinform

«2024 жылғы 29 наурызда Атырауда түнде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасып, ауа ластануы ықтимал»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.