АТЫРАУ. KAZINFORM — Қызылқоға ауданы Қарабау ауылынан батысқа қарай 12–13 шақырым жерде қамыс өртеніп жатыр. Қазіргі уақытта елдімекендерге қауіп жоқ.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, 18 қазанда тіркелген өртті сөндіруге арнайы техника мен шамамен 30 ерікті жұмылдырылды. Сондай-ақ МТЗ-82 тракторы, өрт сөндіру модулі және бір жүк тиегіш жұмыс істеп жатыр.
Әзірге қызыл жалын қанша гектарды шарпығаны белгісіз.
Бұған дейін Шымкент қаласындағы автокөліктерге техникалық қызмет көрсету орталығында өрт шығып, екі жұмысшыны күйік шалғанын жазған едік.
Нұрбибі Теміртасова
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Журналистика және ақпарат» мамандығы бойынша білім алған. Медиа саласындағы жұмыс өтілі 5 жылдан асады. 2025 жылдың желтоқсан айынан бері Kazinform агенттігінің Атыраудағы тілшісі.