Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт бір қабатты ғимаратта болған. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел жетіп, өртті сөндіруге кіріскен.
Құтқарушылардың жұмысын үйлестіру үшін жедел штаб құрылған.
- Өрт толық сөндірілді. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалынды ауыздықтауға ТЖМ-нің 30 қызметкері мен 9 техникасы жұмылдырылды,-деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Бұған дейін ТЖМ санитарлық авиациясы айына 40-қа жуық шұғыл рейс орындайтынын жазған едік.