Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, азаматтық істердің 9 974-і бойынша шешім шығарылған. Тағы 3 352 іс тараптардың татуласуымен аяқталды.
Ал қылмыстық істер саны азайған. Жыл басынан бері облыс соттары 1 096 адамға қатысты 927 істі қарады. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 302 іске аз. 9 айда қылмыс жасағаны дәледенген 782 адам сотталған. Алқабилер 17 адамға қатысты 7 іске төрелік еткен.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер көбейген. Биыл тоғыз айда соттар 17 034 істі қараған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 1 374-ке артық.
Бұдан бөлек, өңірдегі соттар 887 әкімшілік істі қарады. Оның 287-не шешім шығып, 164 талап қою қанағаттандырылды. Сонымен қатар, 74 іс татуласу арқылы аяқталса, талап қоюшылар 194 талабын қайтарып алған.
Еске салайық, Атырауда 100-ден аса адамды алдаған «Абырой Авто» автосалонының екі басшысы 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған еді.