Атырауда түрмедегі өрт кезінде иіс тиген сотталушылардың жағдайы қалай

Фото: Ирина Адылканова

АТЫРАУ.KAZINFORM – 24 қаңтар күні Атырау қаласындағы ерлерге арналған түрмеде болған өрттен екі сотталушы зардап шеккен. Анығын айтқанда, жазасын өтеп жатқан екі адам көмірқышқыл газына уланып қалған.

Атырау облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Әмір Досқалиевтың айтуынша, оларға медициналық көмек дереу көрсетілген. Өміріне қауіп жоқ. Жағдайы жақсы.

ТЖД мәліметінше, оқиға орнына құтқарушылар мен техникалар жедел жеткенде екі қабатты ғимараттың шатыры өртеніп жатқаны белгілі болған. Өрт шыққан сәтте ғимараттағы адамдар кешкі серуенде болған, яғни, адамдарды эвакуациялау қажеттілігі туындаған жоқ. Сол себепті жарақат алғандар жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

- Өрт сол күні толығымен ауыздықталды. Жазасын өтеушілердің барлығы басқа бөлімдерге орналастырылған болатын. Орнына қайтарып жатырмыз. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себбеі анықталып жатыр, - деді Әмір Досқалиев.

Атырау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіні қызметкерлерінің сөзінше, алдын ала болжам бойынша өртке тоқтағы қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

Осыған дейін Ақсай қаласында тұрғын үйдегі өрттен үш адам көз жұмғанын жазған едік.