Кешкі сағат 20:30-да басталатын концерттік бағдарламада 1 000 оқушы домбыра шертеді. Айта кетейік, өнерпаздардың бәрі домбыра үйірмесіне қатысады.
Орталық алаңда сондай-ақ күй өнері саңлақтарының есімі берілген жергілікті екі оркестр өнер көрсетеді. Оның бірі – күйші, композитор, Құрманғазының шәкірті Дина Нұрпейісованың атымен аталатын академиялық қазақ халық аспаптары оркестрі. Ал, екіншісі – Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияның құрамындағы «Нарын» халық аспаптары оркестрі. Аталған өнер ұжымына күйші, композитор Қаршыға Ахмедияровтың есімі берілген.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда тұратын шетелдік болашағын домбырасыз елестете алмайтынын жазған едік.