– Биыл Атырау қаласында 5 орталық алаң мен көшелерде орнатылатын шыршалардың биіктігі 18 метр болады. Осыған байланысты шыршаларды монтаждау, демонтаждау және безендіру жұмыстарына ашық конкурс жарияланды. Конкурс талабына сәйкес атқарылатын жұмысқа 66 млн 964 мың 285 теңге бөлінді. Бұл – қосымша құн салығын есептемелмеген сома. Тапсырысты Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы берді, - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Шырша шамын жағу 5 нүктеде өтеді. Бұл іс-шара кезінде шаһар тұрғындарына театрландырылған бағдарлама ұсынылады.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау әкімдігі күйеуі қайтыс болған әйелді жер алу кезегінен негізсіз шығарып тастағанын хабарлаған болатынбыз.