Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, оқиға 5 шілде күні Индер ауданындағы Есбол ауылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 2013 жылы туған жасөспірім Жайық өзенінде шомылуға тыйым салынған орында суға түсіп, батып кеткен.
Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстарына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 13 қызметкері, 3 техника және 3 жүзу құралы жұмылдырылды.
— Іздестіру барысында «Наутилус-50» мобильді іздеу кешені арқылы су айдыны түбінің шамамен 1200 шаршы метр аумағы тексерілді. Сондай-ақ құтқарушылар 15 рет суға сүңгіп, тралдау әдісімен 1700 шаршы метрге жуық акваторияны қарап шықты, — деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметі.
Іздестіру жұмысы жалғасып жатыр.
Бұған дейін Атырауда 5 жастағы қыз каналға түсіп кетіп, көз жұмғанын жазған едік.