Оқиға бүгін таңертең болған. Жарылыстан кейін өрт тұтанған жоқ. Оқиға салдарынан қазандықтан 12 метр қашықтықта орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің пәтерлеріндегі терезелер мен екі жеңіл автокөлік зақымданған.
- Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, Полиция департаментінің күштері мен құралдары, сондай-ақ ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмылдырылды. Жедел қызметтер оқиға орнындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр.
Бұған дейін Қазақстанда бір күнде екі орман өрті тіркелгені жөнінде жазған едік.