Атырауда жол ашылды

Фото: БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

АСТАНА. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» мекемесі Атырау облысында жол ашылып, көліктердің қозғалысына рұқсат берілгені туралы хабарлады.

— 2026 жылғы 9 қаңтар сағат 04:30–да республикалық маңызы бар «Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы» автожолының 710-778 шақырым аралығындағы учаскесінде (Аққыстау ауылынан Зинеден ауылына дейін) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылады, — делінген хабарламада.

Еске салайық, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бұған дейін Ақтөбеде қысты күні жол белгісін сызған жұмысшылардың ісі жүргізушілердің ашуын туғызғаны туралы жаздық.