Атырау облысының жедел штабы бүгін таңертеңгі сағат 08:00–ден бері Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы мәлімет ұсынды.
Мәселен, Индер ауданында таңертеннен бергі 12 сағатта су деңгейі 19 сантиметрге көтерілген.
Осылайша кешкі сағат 20:00–де аудан орталығы — Индербор кентінде 769 сантиметрге жеткен.
Ал, Махамбет ауданында өзен арнасы 8 сантиметрге ұлғайған.
Кешкі сағат 20:00–де осы аудандағы Махамбет ауылының тұсында Жайық өзенінің суы 8 метр 3 сантиметр болып тұр.
Жайық деңгейі Атырау қаласында да көтерілді.
Таңертеңгі деңгейден 7 сантиметрге көтеріліп, кешкі сағат 20:00–де 466 сантиметр болды.
Еске сала кетелік, Атырау облысының Махамбет ауданында Жайық деңгейі 795 сантиметрге жеткенін хабарлаған болатынбыз.
Сондай-ақ, Атырау облысында су тасқынына дайындық қалай жүргізілгені туралы жазған едік.