АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Харбин қаласында өтетін ІХ қысқы Азия ойындарының басталуына бүгін тура 30 күн қалды. Осы орайда қазақ спортшылары Сарықұрлық додасында қай спорт түрінен ең көп алтын медаль жеңіп алғанын оқырман назарына ұсына кеткенді жөн санап отырмыз.
Тәуелсіздіктен бері Қазақстан спортшылары 6 қысқы Азия ойындарына қатысып, 78 алтын медаль жеңіп алған.
Оның ең көбін спортшыларымыз шаңғы спортынан ел қоржынына салды.
1- Шаңғы -26 алтын
2- Биатлон -19 алтын
3- Шаңғымен бағдарлау - 8 алтын
4- Шайбалы хоккей - 7 алтын
5- Тау шаңғысы -5 алтын
6- Фристайл - 5 алтын
7- Конькимен жүгіру -4 алтын
8- Мәнерлеп сырғанау - 2 алтын
9- Бенди - 1 алтын
10- Шаңғымен тұғырдан секіру - 1 алтын.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ІХ қысқы Азия ойындарында кёрлингтен ел намысын кімдер қорғайтыны туралы жазған болатынбыз.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.