«Аттестациялау нәтижесінде қанағаттанарлықсыз баға алған қызметкерлерге үш ұсыныс беріледі. Бірінші — лауазымын төмендету. Екінші, басқа лауазымға ауысу немесе ішкі істер органдарында басқа бағытта жұмыс істеу. Үшіншісі — жұмыстан шығару. Егер полиция қызметкері аймақтық деңгейдегі аттестаттау туралы шешіммен келіспесе, ол жоғары орталық аттестаттау комиссияға жүгінуге құқылы. Сондай-ақ, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әрбір қызметкердің сотқа жүгінуге құқығы бар», — деді Шыңғыс Алекешев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі қызметкер аттестациядан өтпеген жағдайда қайта тапсыру қарастырылмағанын айтты.
Бұған дейін Ішкі істер органдарының кейбір қызметкерлерінің кезектен тыс аттестациядан өтетіні туралы хабарлаған едік.