«Қалтадан зат ұрлау қала полициясының көп тіркейтін қылмыс түрінің біріне айналған. Ұрлық жолаушысы көп қоғамдық көліктерде, аялдамалар мен базарларда жиі жасалады. Оларды ашу қазіргі кезде қиындап кетті. Ұрылар да қазіргі жағдайға бейімделіп алған. Олардың көбі жақсы киінген жігіттер мен қыздар, тіпті араларында жасөспірімдер де бар. Бұл зардап шегушілердің күмәнін сейілтіп, қапы қалдырып жатады. Атырауда қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметінің полицейлерінен ұрлықтың алдын алу жөніндегі мобильдік топтар құрды. Автобустарда қалта ұрыларының суреттері ілінді», - деп хабарлайды Атырау облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.