21 сәуірде Атырау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл соғып, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысқан желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Сол күні күндіз Атырау қаласында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысқан желдің екпіні 18 м/с жетуі мүмкін.
21 сәуірде күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.
Сол күні күндіз Аққтөбе қаласында найзағай жарқылдайды, шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 16 м/с күтіледі.