Атырау облысы 300-ге жуық полицейге мұқтаж

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының Ішкі істер департаментіне 293 қызметкер жетіспейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басынан бері облыстық ІІД-ге 121 қызметкер қабылданды, оның 26-сы ҚР ІІМ-нің жоғары мекемесін аяқтады. Дегенмен, бұл алдымызда өткір тұрған кадр тапшылығы мәселесін шешпеді. Қазір бізге 293 полицей жетіспейді. Бұл проблема Мақат және Жылыой аудандарында әсіресе өткір тұр», - деп мәлім етті аймақтық ІІД-нің бастығы Аян Дүйсембаев.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы ішкі істер органы қызметкерлері үшін 100 жаңа пәтер сатып алынатын болады.