Еске сала кетсек, Н. Сайлауова 5 млн-нан теңгеден астам пара алды деп күдіктелуде. Тергеу нұсқасы бойынша, пара облыс әкімінің орынбасарына бес мектеп-интернаттың асханасына жиһаз жеткізуге келісімшарт жасау үшін берілген.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Атырауда облыстық білім басқармасының басшысы мен оның сыбайластары ұсталды. Қазір облыстық Білім басқармасының басшысы Қайырғали Кенжеғалиев пен оның орынбасары Роза Қабдолова, сондай-ақ Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясы жанындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының бас есепшісі Назымгүл Мәжітова қамауда отыр.
Автор: А. Соколов