«Бруцеллёз сиыр, қой, ешкілерде тіркелді. Індетті барлығы 57 бас мал жұқтырған. Адамдарға еш қауіп жоқ. Етті тиісті термикалық өңдегеннен кейін тағам ретінде пайдалануға болады. Малы ауруға шалдыққан адамдар өтемақы алады», - деді аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Сатыбалды Оразғалиев.
Еске салсақ, облыста бруцеллёз бен пастереллёз өткен жылы тіркелген. Нодулярды дерматит эпидемиясы көп таралды. Олардың саны 6894-ке жетті, оның 5750 басы емделсе, 1119 сиыр өлді. Мал иелеріне өтемақыға республикалық бюджеттен 176,5 млн теңге бөлінді.