Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның кезекті партиясын вакциналау бекеттеріне
тасымалдау басталды.
«Өңірдегі фармацевтикалық қоймасына жеткізілген ресейлік вакцинаның 18 мың 600 дозасы І компонентке арналған. Ал, ІІ компонент үшін 10 мың дозасы бар», - деп
хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауға «Спутник V» вакцинасы ІІ компонентінің 10 мың
дозасы, кейіннен QazVac вакцинасы жеткізілгенін хабарлаған едік.