Атырау облысында 1 млн-нан астам ПТР сынамасы жүргізілген

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 1 млн-нан астам ПТР сынамасы жүргізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, биылғы мамыр айы басталғалы 115 мыңға жуық ПТР сынамасы алынған. Тәуліктік көрсеткіш 4 367 сынаманы құраған.

«Қазір Атырау облысында 15 ПТР-сынама зертханасы жұмыс істейді. Елімізде коронавирус инфекциясы тіркелген 2020 жылғы наурыздан бері жүргізілген 1 096 151 ПТР сынамасы жүргізілді. Бұл – еліміздегі ең жоғары көрсеткіш» -деп хабарлады мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 51 мыңнан астам адам вакцина салдырғанын хабарлаған едік.