Атырау облысында 181 жұмысшыға 37,2 млн теңге жалақы қарызы өтелді

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында Атырау облысында 181 жұмысшыға 37,2 млн теңге жалақы қарызы өтелді. Биылғы жеті айда еңбек заңнамасын бұзудың 224 дерегі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы ақпараттық талдау бөлімінің басшысы Самал Үбіғалиеваның мәліметінше, биылғы жеті айда 1002 азаматтан шағым түскен.

«Басқармаға жолданған шағымның 907-сі қаралды. Соның нәтижесінде 146 кәсіпорын мен мекемеге тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексерудің қорытындысымен еңбек заңнамасын бұзудың 224 дерегі анықталды. Мемлекеттік еңбек инспекторлары заңсыздықты жою туралы 96 нұсқама берді. Еңбек кодексінің талаптарын бұзғандарға 182 әкімшілік хаттама толтырылды. Осылайша, 399 жұмысшының еңбек құқығы қорғалып, мемлекет пайдасына 22,7 млн теңге айыппұл өндірілді. Ал, жалақы берешегі бар 17 мекемеде жұмыс істейтін 181 жұмысшыға 37,2 млн теңге жалақысы толықтай өндірілді», -дейді Самал Үбіғалиева.

Оның айтуынша, басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторлары азаматтардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету үшін 488 түсіндіру жұмысын жүргізді. Әлеуметтік және еңбек жанжалдарының алдын алу, болдырмау мақсатында кәсіпорындарда жалақы төлеудің заңдылығына күн сайын мониторинг жүргізіледі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында жұмысшыларға 198,8 млн теңге жалақы берешегі өтелгенін хабарлаған едік.