Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте қауіпті вирусқа шалдыққан 41 адам анықталған.
Оның ішінде 25 науқас Атырау қаласында тіркелген.
Ал, Теңіз кен орнында – 9, Жылыой ауданында – 3, Исатайда – 1, Құрманғазыда – 2, Мақат ауданында 1 адамнан коронавирустың белгісі табылған.
«Өңірде 312 адам үй жағдайында ем-дом шарасын алып жатыр. Модульдік ауруханада – 91, Теңіз кенішіндегі стационардарда – 71, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 36, ал, №2 облыстық ауруханада 14 пациент оқшауланған. Сондай-ақ, 25 жүкті әйелдің коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталды. Қазір оның 11-і инфекциялық стационарларда, 14-і амбулаториялық ем қабылдап жатыр. Бұған қоса, 104 балаға қауіпті вирус диагнозы қойылды. Үш бала стационарларда, 101 бала үйінде емделуде» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 97 бала коронавируспен ауырып жатқанын хабарлаған болатынбыз.