Атырау облысында 97 бала коронавируспен ауырып жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 97 бала коронавирус инфекциясымен ауырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында 97 бала коронавируспен ауырып жатыр

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда, өңірдегі инфекциялық стационарларда 212 науқас емделіп жатыр.

«Инфекциялық стационарлардағы науқастардың арасында 4 бала мен 5 жүкті әйел бар. Ал, үй жағдайында ем-дом қабылдау үшін 93 бала мен 7 жүкті ана оқшауланған. Жансақтау бөлімінде жағдайы нашарлаған 15 науқас жатыр. Оның ішінде жағдайы өте ауыр 3 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында инфекциялық стационарларда 212 науқас жатқанын хабарлаған болатынбыз.