Атырау облысында коронавирустан 1300-ге жуық науқас емделуде

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирустан 1289 науқас емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте 75 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.

«Атырау қаласында 17 науқас тіркелді. Сондай-ақ, Теңіз кенішінде 45 жұмысшыдан, Жылыой ауданында – 1, Индерде – 1, Махамбетте – 1, Құрманғазы ауданында 10 адамнан қауіпті вирус анықталды. Коронавирустың симптомды түрі 23 науқаста байқалды», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 52 адам емделіп шыққан. Қазір үй жағдайында 339 адам ем-дом қабылдауда. Облыстық инфекциялық стационарда – 91, аудандардағы стационарларда – 43, Теңіз кенішіндегі стационарда 816 науқас жатыр.

Бұдан бұрын Теңіз кенішінде коронавирустан емделіп жатқан науқастар саны 800-ден асқанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар