Жаңа амбулатория нысаны Қызылқоға ауданының Қарабау ауылында салынған. Қазір аталған ауылда 1 мыңнан астам адам тұрады. Амбулаторияда науқастарды тіркеу бөлмесі бар. Сондай-ақ, процедура, салауатты өмір салты, дәрігерге дейінгі қарау, ем-шара және егу кабинеттері жабдықталған. Мұнда 1 дәрігер мен 9 орта буын медицина маманы жұмыс істейді.
«Бұрын отбасылық-дәрігерлік амбулатория ескі ғимаратта орналасқан болатын. Бұл қызметкерлерге де, ауыл тұрғындарына да көптеген қолайсыздық тудырды. Еді міне, Тәуелсіздік күні қарсаңында амбулатория жаңа ғимаратқа көшті. Мұны Қарабау ауылының тұрғындары үшін керемет сыйлық деп есептейміз», - дейді Қызылқоға аудандық ауруханасының директоры Айнұр Тілемісова.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда Тәуелсіздік күні қарсаңында 200 орындық жатақхана ашылған болатын.