«Олар бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, бірнеше ЖШС директорынан ТҚБ Автошаруашылығы бастығының карточкалық шотына аудару арқылы 2,5 млн. теңге көлемінде пара алып, сондай-ақ полиция департаментінің автокөлігіне қызмет көрсету бойынша қосымша келісімге қол қою үшін 37 млн. теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр» делінген хабарламада.
Мәліметке сай, 24 қыркүйекте жедел-тергеу іс-шаралары барысында аталған полиция қызметкерлері көрсетілген соманы қолма-қол ақшаға айналдырған кезде ұсталды (жеке тінту кезінде ТҚБ автошаруашылығы бастығынан 800 мың теңге, оның орынбасарынан 1 млн. 200 мың теңге алынды).
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.