Атырау облысында шаңды дауыл соғады

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында бүгін шаңды дауыл көтеріліп, жылдамдығы 23 м/с болалы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облыстық ТЖД 4 мамырда ауа райының нашарлайтыны туралы ескерту жариялады. Өңірде жылдамдығы 18-23 метр секунд болатын шаңды дауыл соғады.

Еске салайық, 3 мамырда облыста Құрманғазы ауданы Өрлік ауылындағы орта мектептің 700 шаршы метр шатырын жел ұшырып әкетті. Ал, облыс орталығында бес қабатты тұрғын үйдің шатырын жел құлатқан еді. Желдің күшінен ағаштар құлап, бірнеше шағын аудан жарықсыз қалды. Қалада қолайсыз ауа райында жұмыс істеу үшін жедел штаб құрылды.

Соңғы жаңалықтар