Атырау облысында мектептің шатырын жел ұшырып әкетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында мектеп шатырын жел ұшырып әкетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА агенттігінің тілшісі.

«Бұл жағдай бүгін сағат 11.40-та болды. Құрманғазы ауданына қарасты Орлы ауылында Манаев атындағы орта мектептің шатырын жел ұшырып әкетті. Шатырдың шамамен 700 шаршы метрі ұшып кеткен», - деп хабарлады Атырау облысы ТЖ департаменті.

Мектеп оқушылары мен маңынан өтіп бара жатқандардан ешкім зардап шекпеген.

null null

Соңғы жаңалықтар