Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі 10-17 наурыз аралығында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.
«Іс-шараның төрт күнінде көші-қон заңдылығын бұзған 546 шетелдік анықталды. Көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған шетелдіктерді қабылдаған 108, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 15 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ел аумағынан шетелдік 17 азаматы шығарылды. Қабылдау-тарату орнына мәжбүрлі түрде шығару үшін 2 адам қамауға алынды. Мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының екі азаматы ұсталды. Оның бірі – 1967 жылғы әйел Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 168-бабының 3-бөлігімен алаяқтық қылмысын жасады деген айыппен іздеуде болған. Ал, екіншісі – өзбекстандық 28 жастағы жігітке ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабының 1-бөлігімен іздеу жарияланған. Ол Жаңаөзен қаласында 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалды сипаттағы өзге де әрекеттер жасады деген айыппен күдікке ілінген», -деп хабарлады Нұрхат Оразбаев.
Қазір мемлекетаралық іздеуде болған күдіктілер Атырау қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда халықаралық іздеуде жүрген 3 қылмыскер ұсталғанын хабарлаған едік.