Атырау облысының ТЖ департаменті 6 мамырдағы ауа райы жағдайына байланысты ескерту жасады, онда желдің жылдамдығының секундына 20 метрге дейін жететіндігі айтылған.
Естеріңізге сала кетейік, 3 мамыр күні облыстың Құрманғазы ауданына қарасты Өрлік ауылында дауылдың салдарынан ауыл мектебінің шатырын, сондай-ақ, облыс орталығында бес қабатты үйдің шатырын жел ұшырып әкеткен болатын. Тағы бірнеше үй бүлінді. Бірсыпыра шағын аудандар жарықсыз қалды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жедел штаб құрылды.