Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Гүлболат Аманғалиеваның мәліметінше, жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығына 10 096 адам жүгінген.
«Басқармаға хабарласқан адамдардың арасынан жергілікті 4 923 тұрғын тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жалпы жұмыспен қамту шараларымен 5 045 адам қамтылды. Оның ішінде 2 219 адам тұрақты жұмыс орындарына, 328 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 120 жас түлек жастар практикасына, 2 256 адам қоғамдық жұмыстарға, 22 адам алғашқы жұмыс орындарына орналасты. Бұған қоса, онлайн Skiils оқыту курсына 56 адам жіберілді. Ал, өз кәсібін ашу бағытында 44 адамға мемлекеттік грант берілді», -дейді басқарманың жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Гүлболат Аманғалиева.
Оның айтуынша, биыл ұлттық жобалар шеңберінде азаматтарды жұмыспен қамтудың 10 қадамы алгоритмі жасақталған. Алгоритмге сәйкес іс-шаралар ақпараттық жүйе арқылы іске асырылады. Сондай-ақ, электрондық еңбек биржасында онлайн жәрмеңкелер ұйымдастыру көзделген.
«Биыл «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жоба негізінде әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру жоспары жасақталды. Соның аясында 21 751 адамды әр түрлі бағыттағы қолдау шараларымен қамту жоспарланып отыр», -дейді Гүлболат Аманғалиева.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 6 798 адам жұмыссыз ретінде тіркелгенін жазған болатынбыз.