«Тәртіп сақшылары тәркіленген бұйымдардың иелерін іздестіру үшінәлеуметтік желілердің мүмкіндігін пайдалануда. «Жарияланған фотосуреттің ішіненөз мүліктеріңізді таныған жағдайда «102» операторына және 983302, 983399телефондарына қоңырау шалуға болады«,-делінген Полиция департаментініңхабарламасында.
Тәркіленген заттардың ішінде әртүрлі номиналда жасалған арнайымонеталар, ойын приставкалары, тіпті құрылыс құрал-саймандары да бар.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, жыл басынан бері №2қалалық полиция бөлімінің аумағында 123 ұрлық фактісі ашылған.
Бөтеннің мүлкін ұрлаудың ең көп тараған әдісіпластикалық терезелерден кіру арқылы жасалып отыр.