Атырауда 10 қабатты үйдегі өрт бір сағатта сөндірілді
01:01, 06 Мамыр 2023
Фото: Атырау ТЖД
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 10 қабатты үйдегі өрт бір сағаттан соң сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментіі қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, өрт 5 мамырда жергілікті уақытпен сағат 19:22-де тұтанған.
«Атырау қаласының Махамбет Өтемісов көшесінде орналасқан 10 қабатты «Лагуна» атты тұрғын үй кешенінің шатыр бөлігінен өрт шықты. Үйдің шатырының жалпы ауданы – 1500 шаршы метр. Жалын шатырдың 200 шаршы метр аумағын шарпығаны анықталды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, жалынды сөндіру жұмысына кіріскен. Тұрғын үй кешенінің шатырын шарпыған өрт бір сағатта толық сөндірілді», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Жалынды сөндіруге Атырау облыстық ТЖД және МЕӨҚҚ күш-құралдарынан 50 адам мен 11 техника жұмылдырылды.
«Өрт қауіпсіздік ережесіне немқұрайды қараудан тұтанады. Сондықтан Атырау облысының тұрғындары мен қонақтарынан әсіресе тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды өтінеміз», -деп мәлім департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 10 қабатты тұрғын үйдің шатыры жанып жатқанын хабарлаған болатынбыз.