Атырауда 100-ге жуық тұрғынның қаруы тәркіленді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында сақтау, тіркеу ережелерін бұзған 100-ге жуық тұрғынның қаруы тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 ақпаннан бері «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

«Тек 3 күнде 2 мыңнан астам азаматтық қару иелері тексерілді. Нәтижесінде 100-ге жуық тұрғынның қаруды сақтау, тіркеу, тасымалдау ережесін бұзғаны анықталып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың үйінде сақталған қаруы тәркіленді» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Заңсыз айналымнан бес қару анықталып, баллистикалық сараптама тағайындалды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулықтар полицияға 40-қа жуық қару мен 100-ден астам оқ-дәріні тапсырған болатын.