Атырауда 160 жүргізуші 9 млн теңге айыппұл төлемей жүрген

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 160-ға жуық жүргізуші 9 млн теңге айыппұлын төлемей жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері

160-ға жуық жүргізушінің 9 млн теңге айыппұлын төлемегені анықталған. Осыған

байланысты олардың автокөліктері арнайы автотұраққа қойылған. Оның ішінде 5 көлік

Қырғызстаннан жеткізілген, біреуі Әзербайжаннан әкелінген. Сондай-ақ, 19 автокөліктің Арменияда, қалғаны Ресейде тіркелгені белгілі болып отыр.

«Мәселен, 28 қаңтарда Атырау қалалық полиция басқармасы Жедел басқару орталығының қызметкерлері төленбеген айыппұлы бар Ресей, Армения, Қырғызстан елдерінен әкелінген 12 автокөлікті анықтады. Олардың екеуі 36 254 теңгелік айыппұлды тоқтатылған сәтте төледі. Ал, иелерінің төлемей жүрген айыппұлы 395 870 теңгеге жеткен 10 автокөлік арнайы тұраққа жеткізілді» - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда мас күйде көлік жүргізген 558 жүргізуші жазаланған болатын.